"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Нежинка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуіріндегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Нежинка ауылдық округінің Нежинка ауылының көшелері:
Полевая көшесін Рақымжан Қошқарбаев көшесіне;
Механическая көшесін Бауыржан Момышұлы көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нежинка ауылдық округінің әкімі | М. Дюселеков |