Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округінің Березовка ауылындағы Советская көшесін Тәуелсіздік көшесі деп қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 қаңтарда № 26693 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Березовка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округінің Березовка ауылындағы Советская көшесі Тәуелсіздік көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рузаев ауылдық округіңің әкімі Н. Алгожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады