Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Салқынкөл ауылдық округінің Тоқты ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Салқынкөл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 10 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 мамырда № 27965 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы подпунктом 4), Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәурдегі қорытындысы негізінде, Тоқты ауылы халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Салқынкөл ауылдық округінің Тоқты ауылындағы келесі көшелер қайта аталсын:

      1) Степная 1 көшесін- Тәуелсіздік көшесіне;

      2) Степная 2 көшесін - Ұлы дала көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Салқынкөл ауылдық округінің әкімі З. Куланова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады