Шектеу іс-шараларын тоқтату және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Куйбышев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 25 мамырдағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 12 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Куйбышев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 17 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 тамызда № 29144 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 29 шілдедегі № 01-11/159 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Куйбышев ауылдық округі Боголюбово ауылының Михин көшесіне белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Куйбышев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 25 мамырдағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28311 болып тіркелген) № 12 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Куйбышев ауылдық округінің әкімі
Л. Викторович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады