"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 117 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 260 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 желтоқсанда № 31314 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 117 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7415 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңның 28-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының 2-тармағы және 2-қосымшасы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жумабаев
ауданының әкімі
К. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мағжан Жұмабаев ауданының

      сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады