Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Мичурин ауылдық округінің Мичурино ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 мамырда № 27956 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысының негізінде және Мичурин ауылдық округінің Мичурино ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Мичурин ауылдық округі Мичурино ауылындағы келесi көшелері қайта аталсын:

      Киров көшесін Шоқан Уәлиханов көшесіне;

      Комсомольская көшесін Мағжан Жұмабаев көшесіне;

      Коминтерн көшесін Ғабит Мүсірепов көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Е. Мухаметшина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады