Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қаратерек ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 сәуірде № 27604 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қаратерек ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қаратерек ауылдық округі әкімінің 24.06.2022 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2021 жылғы 04 желтоқсандағы № 17-08/270 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қаратерек ауылдық округі Каратерек ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаратерек ауылдық округінің әкімі А. Касымбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады