Шектеу іс-шараларын тоқтату және Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қаратерек ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 30 наурыздың "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қаратерек ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 маусымда № 28652 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 17-08/102 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қаратерек ауылдық округі Қаратерек ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруының жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қаратерек ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 30 наурыздың "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27604 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаратерек ауылдық округінің әкімі А. Касымбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады