Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Мортық және Көктерек ауылдарында атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 28 қазандағы № 20 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 қарашада № 30382 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35- бабының 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысының негізінде және Мортық, Көктерек ауылдары халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округінің Мортық ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      № 1 атауы жоқ көшесіне Ыбырай Алтынсарин көшесі;

      № 2 атауы жоқ көшесіне Бірлік көшесі;

      № 3 атауы жоқ көшесіне Абылай хан көшесі;

      № 4 атауы жоқ көшесіне Абай көшесі;

      № 5 атауы жоқ көшесіне Бауыржан Момышұлы көшесі;

      № 6 атауы жоқ көшесіне Мортық көшесі.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округінің Көктерек ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      № 1 атауы жоқ көшесіне Ақбидай көшесі;

      № 2 атауы жоқ көшесіне Құлагер көшесі;

      № 3 атауы жоқ көшесіне Болашақ көшесі;

      № 4 атауы жоқ көшесіне Бейбітшілік көшесі;

      № 5 атауы жоқ көшесіне Атамекен көшесі;

      № 6 атауы жоқ көшесіне Тұмар көшесі;

      № 7 атауы жоқ көшесіне Достық көшесі;

      № 8 атауы жоқ көшесіне Жастар көшесі;

      № 9 атауы жоқ көшесіне Шоқан Уәлиханов көшесі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көктерек ауылдық округінің әкімі М. Сарбасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады