Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округі Ақжайық ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 17 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 мамырда № 28019 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35, 37 - баптарына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 20 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Ақжайық ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округі Ақжайық ауылының Жеңістің 40 жылдығы көшесі Тәуелсіздік көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақжайық ауылдық округінің әкімі А. Ерманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады