"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Сарайшық ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 14 шілдедегі қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі Сарайшық ауылындағы көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) № 14 көшеге – Зұлқарнай Алдамжар көшесі;
2) № 13 көшеге – Қоныс Мақтымқұлов көшесі;
3) № 2 көшеге – Мұрат Қанашин көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Р. Тұрдағали |