Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Исатай аудандық маслихаты ШЕШТІ:
1. Исатай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Н. Муханбеталиев |
Исатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 135-VII шешіміне қосымша |
Исатай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық нормасы 1 есептік бірлікке, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 0,65 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,75 | |
2 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,29 |
3 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,47 |
4 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,42 |
5 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,0007 |
6 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,70 |
7 | Мектептер және басқа да оқу орындары | 1 оқушы | 0,14 |
8 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,03 |
9 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
10 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,02 |
11 | Спорт, би және ойынзалдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
12 | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | Сауда алаңы 1 м2 | 1,39 |
13 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда орны 1 м2 | 0,23 |
14 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі, халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
15 | Вокзалдар, автовокзалдар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,22 |
16 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,14 |
17 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 2,35 |
18 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,3 |
19 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,4 |
20 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,33 |
21 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,30 |