Исатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Исатай аудандық мәслихатының "Исатай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифін бекіту туралы" 2022 жылғы 13 маусымдағы № 136-VII шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28482 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Исатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Н. Муханбеталиев |
Исатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 173-VII шешіміне қосымша |
Исатай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын айына | 180,00 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 207,70 |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 3323,08 |