Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Исатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 12.12.2022 № 173-VІI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Исатай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифі бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Исатай аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Н. Мусин) жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Н. Муханбеталиев |
Исатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 136-VII шешіміне қосымша |
Исатай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға,тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 12.12.2022 № 173-VІI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын айына | 180,00 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 207,70 |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 3323,08 |