Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына сәйкес, Миялы ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 20 сәуірдегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Миялы ауылдық округі Миялы ауылының атауы жоқ келесі атауы жоқ көшелеріне атау берілсін:
№1 атау жоқ көше - "Салық Зиманов" көшесі;
№3 атау жоқ көше - "Күйші Дина" көшесі;
№4 атау жоқ көше - "Әбілхайыр хан" көшесі;
№5 атау жоқ көше - "Зейнолла Қабдолов" көшесі;
№7 атау жоқ көше - "Хиуаз Доспанова" көшесі;
№8 атау жоқ көше - "Бауыржан Момышұлы" көшесі;
№9 атау жоқ көше - "Тәуелсіздік" көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Миялы ауылдық округінің әкімі | С. Салыков |