Мақат ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 259 "Мақат ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 148 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 тамызда № 29297 болып тіркелді

      Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мақат ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 259 "Мақат ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2781 санымен тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Мақат ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мақат ауданының әкімі Р. Ибрагимов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Атырау облысы Жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы" мемлекеттік мекемесі

  Мақат ауданы әкімі
2022 жылғы 19 тамыздағы
№ 148 қаулысына қосымша
  Мақат ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 259 қаулысына қосымша

Мақат ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдалымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

Автомобиль жолының индексі

Автомобиль жолының атауы

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

KЕ-41

Мақат-Бәйгетөбе автомобиль жолы

6,6

2

KЕ-42

Доссор кентіне кірме жолы

3,4

3

KЕ-43

Ескене бекетіне кірме жолы

6,87

4

KЕ-44

441 разъезіне кірме жолы

1,1

5

KЕ-45

469 разъезіне кірме жолы

5,7

6

KЕ-46

402 разъезіне кірме жолы

2,5

барлығы:

26,17


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады