Мақат кентінде көшелерге атаулар беру және қайта атау туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы Мақат кенті әкімінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 131 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 желтоқсанда № 31086 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, Атырау облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 14 шілдедегі қорытындысы негізінде және Мақат кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Мақат кентінің көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      атауы жоқ көшесіне Томирис көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Жұмазия Күншығарова көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Мұқаш Атшыбаев көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Өмірзақ Есмұрзин көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Бекет ата көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Лұқпан Нұғыманов көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Беркінғали Атшыбаев көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Мұқан Көздекенов көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Шернияз Жарылғасұлы көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Рахымжан Отарбаев көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Жұмабек Тәшенов көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Төлеген Айбергенов көшесі;

      атауы жоқ көшесіне Серік Сағытжанов көшесі.

      2. Мақат кентінің Әліби Жангелдин көшесі Нұрлан Балғымбаев көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мақат кенті әкімі Е. Ермагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады