Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021-2022 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | У. Шукеев |
Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 26 қаулысына қосымша |
2021-2022 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Білім беру саласының коды және сыныпталуы | Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы | Білім беру бағдарламасы тобының коды және атауы | 2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі | Оқу жылында бір студентті оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) күндізгі оқу |
1 | 6В02 өнер және гуманитарлық ғылымдар бакалавры | 6В022 Гуманитарлық ғылымдар | В033-Дінтану және теология | 5 | 590 000 |