Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 5/48-VIІ "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 6 мамырдағы № 15/181-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 мамырда № 27979 болып тiркелдi

      Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 5/48-VІI шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6176 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы Түркістан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін қосымша берілетін дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер және медициналық бұйымдардың тізілімі мынадай жолдармен толықтырылсын:

Олапариб (Линпарза) 150 мг

Барлық санаттар

Нусинерсен 12 мг (5 мл)

Барлық санаттар


      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облыстық
      мәслихатының хатшысы К. Балабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады