Түркістан облысының Қазығұрт, Отырар және Сауран аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 17/207-VII бірлескен шешімі және Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 180 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2022 жылғы 22 қыркүйекте № 29753 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3), 4) тармақшаларына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 21 сәуірдегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірі ескере отырып, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылдық округінің Айнатас ауылын бөлу жолымен ауыл құрылсын және Атажұрт атауы берілсін.

      2. Сауран ауданы бойынша:

      1) Ескі Иқан ауылдық округінің Ескі Иқан ауылын бөлу жолымен ауыл құрылсын және Мәшһүр Жүсіп атауы берілсін;

      2) Жібек жолы ауылдық округіндегі 30-разъезд ауылы Ескі Сауран ауылы болып қайта аталсын.

      3. Отырар ауданы Балтакөл ауылдық округіндегі Үштам ауылы Самырат ауылы болып қайта аталсын.

      4. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігі қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А. Қалқамановқа жүктелсін.

      5. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды
      Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы К. Балабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады