Түркістан облысы Арыс қаласының Монтайтас және Дермене ауылдық округтері елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2022 жылғы 10 ақпандағы № 20/93-VІІ бірлескен шешiмi және Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 10 ақпандағы № 55 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 наурызда № 27054 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Түркістан облысы Арыс қаласының Монтайтас және Дермене ауылдық округтерінің келесі елді мекендерінің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:

      1) Монтайтас ауылдық округінің Тоғансай елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы 31,0 гектар жерді қосу арқылы, Монтайтас ауылдық округінің Тоғансай елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 54,57 гектар шекарасында белгіленсін;

      2) Монтайтас ауылдық округінің Бақырша елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы 28,62 гектар жерді қосу арқылы, Монтайтас ауылдық округінің Бақырша елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 50,66 гектар шекарасында белгіленсін;

      3) Монтайтас ауылдық округінің Ақтас елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы 20,55 гектар жерді қосу арқылы, Монтайтас ауылдық округінің Ақтас елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 45,75 гектар шекарасында белгіленсін;

      4) Монтайтас ауылдық округінің Атамекен елді мекенінің шекарасына Монтайтас елді мекенінің ауылшаруашылығы мақсатындағы 64,0 гектар жерді қосу арқылы, Монтайтас ауылдық округінің Атамекен елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 147,07гектар шекарасында белгіленсін;

      5) Монтайтас ауылдық округінің Монтайтас елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы 224,61 гектар жерді қосу арқылы, Монтайтас ауылдық округінің Монтайтас елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 605,87 гектар шекарасында белгіленсін;

      6) Монтайтас ауылдық округінің Шағыр елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы 127,52 гектар жерді қосу арқылы, Монтайтас ауылдық округінің Шағыр елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 262,94 гектар шекарасында белгіленсін;

      7) Дермене ауылдық округінің 40 разъезд елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы 13,73 гектар жерді қосу арқылы, Дермене ауылдық округінің 40 разъезд елді мекенінің шекарасы жалпы көлемі 13,73 гектар шекарасында белгіленсін;

      8) Дермене ауылдық округінің Қызылкөпір елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы 128,69 гектар жерді қосу арқылы, Дермене ауылдық округінің Қызылкөпір елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 341,76 гектар шекарасында белгіленсін.

      2. Арыс қаласы "Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысы және Арыс қалалық мәслихатының шешімін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысы және Арыс қалалық мәслихатының шешімін оның ресми жарияланғаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысының және Арыс қалалық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Дәрібайға жүктелсін.

      4. Осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысы және Арыс қалалық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арыс қаласының әкімі Г. Курманбекова
      Арыс қалалық мәслихат хатшысы А. Байтанаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады