Кентау қаласының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2022 жылғы 7 қазандағы № 497 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қазанда № 30130 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кентау қаласының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Кентау қаласының әкімі Ж. Тасов

  Кентау қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 7 қазандағы
№ 497 қаулысына қосымша

Кентау қаласының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда обьектілерін орналастыру орындары

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қызмет саласы

Алатын алаңы (шаршы метр)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Кентау қаласы, Тұрар Рысқұлов көшесі, № 63 үйдің оң жағында

3

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

9

"Ali market"

2

Кентау қаласы, ШоқанУалиханов көшесі, № 140 үйдің сол жағында

3

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

9

Jihazdar "Báiterek" kilemder

3

Кентау қаласы, С.Сейфуллин көшесі, № 104 үйдің оң жағында

3

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

9

"Қанат" кіші маркеті"

4

Кентау қаласы, С.Сейфуллин көшесі, № 6 үйдің сол жағында

3

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

9

жоқ

5

Кентау қаласы, Қ.Құралбаев көшесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Әл-Фараби атындағы № 14 эстетикалық-лингвистикалық бағыттағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

3

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

9

жоқ

6

Кентау қаласы, Д.А.Қонаев даңғылы, № 74Б ғимаратының сол жағында

3

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

9

кіші маркет "Нұрай"

7

Кентау қаласы, Қ.Құралбаев көшесі, № 79 үйдің оң жағында

3

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

9

жоқ

8

Кентау қаласы, Қ.Құралбаев көшесі, № 28 үйдің сол жағында

3

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

9

жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады