Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кентау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 7 қазандағы "Кентау қаласының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" №497 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30130 болып тiркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1) көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 73 тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын және Кентау қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Кентау қаласының әкімі | Ж. Тасов |