Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 8 "Қазығұрт ауданының Сарапхана, Қақпақ, Қызылқия, Шанақ және Қарабау ауылдық округтерінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Қазығұрт ауданы әкiмiнiң шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27817 болып тіркелген);
2) 2022 жылғы 17 мамырдағы № 9 "Қазығұрт ауданының Қазығұрт ауылдық округінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Қазығұрт ауданы әкiмiнiң шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28095 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазығұрт ауданының әкімі | А. Абдуллаев |