Қазығұрт ауданының Қазығұрт ауылдық округінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 9 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 мамырда № 28095 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің 2022 жылғы 5 қазандағы № 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің 05.10.2022 № 15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Қазығұрт ауылдық округінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Қалымбетов Тайбек Әділбекұлы тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазығұрт ауданының әкімі А. Абдуллаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады