Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 190 "Ауылдық жерде жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларына ұсынылатын сұранысқа ие мамандардың лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6134 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақтаарал ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақтаарал ауданының әкімі | Б. Асанов |