Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Отырар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Отырар ауданының келесі ауылдарының шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:
1) Отырар ауданы Балтакөл ауылдық округінің Көлқұдық ауылының шекарасына Отырар ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 61,22 гектар жерді қосу арқылы, Отырар ауданы Балтакөл ауылдық округінің Көлқұдық ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 1250,04 гектар болып белгіленсін;
2) Отырар ауданы Балтакөл ауылдық округінің Үштам ауылының шекарасына Отырар ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 24,64 гектар жерді қосу арқылы, Отырар ауданы Балатакөл ауылдық округінің Үштам ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 814,39 гектар болып белгіленсін;
3) Отырар ауданы Көксарай ауылдық округінің Ызакөл ауылының шекарасына Отырар ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 54,4 гектар жерді қосу арқылы, Отырар ауданы Көксарай ауылдық округінің Ызакөл ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 142,06 гектар болып белгіленсін;
4) Отырар ауданы Көксарай ауылдық округінің Жанкел ауылының шекарасына Отырар ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 28,85 гектар жерді қосу арқылы, Отырар ауданы Көксарай ауылдық округінің Жанкел ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 386,93 гектар болып белгіленсін;
5) Отырар ауданы Қаракоңыр ауылдық округінің Шәмші Қалдаяқов ауылының шекарасына Отырар ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 24,64 гектар жерді қосу арқылы, Отырар ауданы Қаракоңыр ауылдық округінің Шәмші Қалдаяқов ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 939,53 гектар болып белгіленсін;
6) Отырар ауданы Отырар ауылдық округінің Арыс ауылының шекарасына Отырар ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 11,90 гектар жерді қосу арқылы, Отырар ауданы Отырар ауылдық округінің Арыс ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 539,07 гектар болып белгіленсін;
7) Отырар ауданы Талапты ауылдық округінің Ынталы ауылының шекарасына Отырар ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 17,67 гектар жерді қосу арқылы, Отырар ауданы Талапты ауылдық округінің Ынталы ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 217,30 гектар болып белгіленсін;
8) Отырар ауданы Талапты ауылдық округінің Сарыкөл ауылының шекарасына Отырар ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 12,69 гектар жерді қосу арқылы, Отырар ауданы Талапты ауылдық округінің Сарыкөл ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 35,58 гектар болып белгіленсін;
9) Отырар ауданы Маяқұм ауылдық округінің Қостерек ауылының шекарасына Отырар ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 41,45 гектар жерді қосу арқылы, Отырар ауданы Маяқұм ауылдық округінің Қостерек ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 780,76 гектар болып белгіленсін;
10) Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округінің Шәуілдір ауылының шекарасына Отырар ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 55,43 гектар жерді қосу арқылы, Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округінің Шәуілдір ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 1198,98 гектар болып белгіленсін;
11) Отырар ауданы Шілік ауылдық округінің Ескі Шілік ауылының шекарасына Отырар ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 59,80 гектар жерді қосу арқылы, Отырар ауданы Шілік ауылдық округінің Ескі Шілік ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 446,12 гектар болып белгіленсін.
2. Осы бірлескен Отырар ауданы әкімдігінің қаулысының және Отырар аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Отырар ауданы әкімдігінің қаулысы және Отырар аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Отырар ауданының әкімі | С. Султанханов |
Отырар ауданының мәслихатының хатшысы | М. Манапов |