Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 178 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 7 қарашадағы № 327 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қарашада № 30525 болып тiркелдi

      Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 178 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5019 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы және 1-қосымшасы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыағаш ауданының әкімі М. Отаршиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сарыағаш аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 7 қарашадағы
№ 327 қаулысына қосымша
  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 30 сәуірдегі
№ 178 қаулысына 2-қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Сарыағаш қаласы бойынша

1

Қ.Монтаев көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 60 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

2

Бәйтерек көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Толыбай батыр атындағы № 66 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

3

Майлықожа көшесіндегі "Сарыағаш" дүкенінің сол жағы

4

С.Исмайлов көшесіндегі "Жеңіс" саябағына қарама-қарсы

5

Шораұлы мен С.Исмайлов көшелері қиылысының солтүстік шығыс жағы

6

Шәмші гүлзары көшесіндегі Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының "Қапланбек жоғарғы аграрлық-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын ғимаратының сол жағы

Көктерек кенті бойынша

7

Ы.Алтынсарин көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 16 И.В.Панфилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

Ақжар ауылдық округі бойынша

8

Ақжар ауылы, Д.Қонаев көшесіндегі Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Сарыағаш аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Ақжар ауылдық мәдениет үйі ғимаратына қарама-қарсы

9

Бағыс ауылы, Егемендік көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 23 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

Әлімтау ауылдық округі бойынша

10

Әлімтау ауылы, М.Әуезов көшесіндегі № 18 үйдің оң жағы

11

Әлімтау ауылы, Ә.Молдағұлова көшесіндегі, Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 25 Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағы

12

Тасқұдық ауылы, Әль-Фараби көшесіндегі № 15 үйдің оң жағы

13

Жайдақ құдық ауылы, Ғ.Мүсірепов көшесіндегі № 1 үйдің оң жағы

Дарбаза ауылдық округі бойынша

14

Дарбаза ауылы, Бейбітшілік көшесіндегі "Әділ" дүкенінің сол жағы

15

Тасқұдық ауылы, Жаңа жол көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 42 Ә.Жангелдин атындағы шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

16

Ердәуіт ауылы, Жастар көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 65 негізгі орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағы

17

Сарысу ауылы, Шұғыла көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 40 Н.Әбдіров атындағы негізгі орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағы

Дербісек ауылдық округі бойынша

18

Дербісек ауылы, Нұрбайұлы Шоңғара көшесіндегі Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Сарыағаш аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Дербісек ауылдық мәдениет үйі ғимаратының оң жағы

19

Атамекен ауылы, Қ.Бахашбаев көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 64 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

Жарты төбе ауылдық округі бойынша

20

Төңкеріс ауылы, Абылайхан көшесіндегі № 6 үйдің сол жағы

21

Құрама ауылы, Абылайхан көшесіндегі "Бөдес" аялдамасының оң жағы

22

Ынтымақ ауылы, Ж.Айысұлы көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 9 Майлықожа атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

23

Бостандық ауылы, Абылайхан көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 35 Б.Ғафуров атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

24

Достық ауылы, Тайтелі ата көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 32 Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының қарама-қарсы жағы

25

Достық ауылы, С.Рахимов көшесіндегі № 4 үйдің сол жағы

Жемісті ауылдық округі бойынша

26

Жемісті ауылы, Т.Төлендіұлы көшесіндегі № 72 үйдің оң жағы

27

Тың ауылы, М.Маметова көшесіндегі № 1 үйдің сол жағы

Жібек жолы ауылдық округі бойынша

28

Жібек жолы ауылы, Кемпреков көшесіндегі "Ажар апай" дүкенінің сол жағы

29

Дихан баба ауылы, Бектұрғанов көшесіндегі № 13 үйдің сол жағы

30

Жаңатұрмыс ауылы, Майлықожа көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 53 М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

31

Жаңақұрылыс ауылы, Т.Ботабеков көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 24 Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағы

32

Қарабау ауылы, Сүлейменов көшесіндегі № 14 үйдің сол жағы

33

Зортөбе ауылы, Қожахан көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 18 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

34

Сарқырама ауылы, Төле би көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 51 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағы

Жылға ауылдық округі бойынша

35

Жылға ауылы, Сейдазов көшесіндегі "Сарыағаш ауданы Жылға ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

36

Шеңгелді ауылы, Құдайсүгір батыр көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 57 С.Мұқанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

37

Шайхана ауылы, Т.Бокин көшесіндегі № 9 үйдің оң жағы

38

Шымырбай ауылы, Тәуелсіздік көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 41 А.Асанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесі ғимаратының қарама-қарсы жағы

39

Қарақалпақ ауылы, А.Бейсенбаев көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 26 Т.Өстеміров атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

40

Қызыласу ауылы, М.Мамедова көшесіндегі № 17 үйдің қарама-қарсы жағы

41

Нұрауыл ауылы, Қапанза көшесіндегі № 6 үйдің оң жағы

Қабланбек ауылдық округі бойынша

42

Қабланбек ауылы, Тыщенко көшесіндегі "Айгөлек" бала-бақшасы ғимаратының сол жағы

43

Қанағат ауылы, Ж.Ешеев көшесіндегі Қазпочта ғимаратының қарама-қарсы жағы

44

Тасқұлақ ауылы, Тасқұлақ көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 52 М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

45

Сіргелі ауылы (Чечерин), М.Есқұлов көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 36 Қ.Тоқмұхамедов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағы

46

Ақниет ауылы, Ұ.Тұрдықұлова көшесіндегі "Төбе бұзар" мешіті ғимаратының сол жағы

47

Жонарық ауылы, Достық көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 74 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

Құркелес ауылдық округі бойынша

48

Ақниет ауылы, Пупащенко көшесіндегі Қазпочта ғимаратының оң жағы

49

Құркелес ауылы, Ақбура ата көшесіндегі "Береке" дүкенінің қарама-қарсы жағы

50

Дастан ауылы, Төле би көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 73 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

51

Ақ үй ауылы, Ү.Досболов көшесіндегі № 13 үйдің сол жағы

52

Жылысу ауылы, Бәйтерек көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 19 А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

53

Жаңаталап ауылы, А.Оразбаева көшесіндегі Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Сарыағаш аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Жаңаталап ауылдық клубы ғимаратының оң жағы

54

Алғабас ауылы, Жүндібай көшесіндегі № 15 үйдің сол жағы

55

Жаңаарық ауылы, Қ.Өтейбайұлы көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 67 Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

56

Еңкес ауылы, Т.Рысқұлов көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 21 Яссауи атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

57

Береке ауылы, Тулпар көшесіндегі № 3 үйдің сол жағы

58

Дархан ауылы, А.Мұсаев көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 33 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

59

Нұрлы жол ауылы, Айқынбеков көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 50 Б.Омаров атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

60

Келес ауылы, Шапағат көшесіндегі Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 47 С.Көбеев атындағы бастауыш білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

61

Құлтума ауылы, С.Сейфуллин көшесі мен "Жызақ-Гагарин-Жетісай-Сарыағаш-Жібек жолы" республикалық маңызы бар А 15 автомобиль жолы қиылысының шығыс жағы

Қызылжар ауылдық округі бойынша

62

Қызылжар ауылы, Х.Оралов көшесіндегі Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Сарыағаш аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Қызылжар ауылдық мәдениет үйі ғимаратының қарама-қарсы жағы

Тегісшіл ауылдық округі бойынша

63

Таскескен ауылы, А.Омаров көшесіндегі "Толыбай батыр" мешіті ғимаратының оң жағы

64

Тегісшіл ауылы, Ш.Ибрагимов көшесіндегі Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Сарыағаш аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның Тегісшіл ауылдық мәдениет үйі ғимаратының қарама-қарсы жағы

65

Мәдениет ауылы, Сүлеймен ата көшесіндегі № 26 үйдің сол жағы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады