Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 2 маусымдағы № 108 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 маусымда № 28351 болып тiркелдi

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 29.11.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабының 4-тармағына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 29.11.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Мәслихат хатшысы Б. Байғараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады