"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 08-02-07/113 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Созақ ауданы Құмкент ауылдық округі К.Берденұлы көшесінде бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Созақ ауданының Құмкент ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 14 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27787 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Ғ. Пәрдебекұлы |