Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Төлеби ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төлеби ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төлеби ауданының әкімі | Т. Телгараев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Төлеби аудандық
мәслихаты
Төлеби ауданының әкімдігі 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 144 қаулысына қосымша |
Төлеби ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3) ассистент;
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
5) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
6) психолог;
7) диеталық мейіргер;
8) мейіргер.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
2) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
3) кітапханашы;
4) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
5) библиограф;
6) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
7) музыкалық жетекші;
8) режиссер;
9) хореограф;
10) ұжым (үйірме) басшысы;
11) аккомпаниатор.