Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2022 жылдың 11 сәуірдегі № 144 "Төлеби ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 16 қаңтардағы № 625 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2025 жылғы 16 қаңтарда № 6655-13 болып тiркелдi

      Төлеби ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2022 жылдың 11 сәуірдегі № 144 "Төлеби ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28209 болып тіркелген) мынандай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Л. Серикбаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Төлеби аудандық мәслихаты

  2025 жылғы 16 қаңтардағы
№ 625 қаулысына қосымша

Төлеби ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      3) ассистент;

      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      5) қарттар мен мүгедектігі бар күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      6) психолог;

      7) диеталық мейіргер;

      8) мейіргер.

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      2) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      3) кітапханашы;

      4) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      5) библиограф;

      6) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      7) музыкалық жетекші;

      8) режиссер;

      9) хореограф;

      10) ұжым (үйірме) басшысы;

      11) аккомпаниатор.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады