Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 03.11.2023 № 8/6-08 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түлкібас ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Сейсенбаев |
Түлкібас аудандық маслихаты 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 27/6-7 шешіміне қосымша |
Түлкібас ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
1. Әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификатының мөлшері әрбір алушы үшін қарыз сомасының 10%-ы, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификатының мөлшері әрбір алушы үшін қарыз сомасының 10%-ы, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Түлкібас аудандық мәслихатының шешіміне 2 қосымша |
Тұлкібас ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
1-1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
1-2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
3) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
5) жасына байланысты зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
7) қандастар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
9) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
10) толық емес отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
11) денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттік ұйымдарының мамандары (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).