Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының 22.02.2024 № 13-80-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жетісай аудандық мәслихатының "Жетісай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 41-220-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6013 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Жетісай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің 6 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысының м.а. | Н. Бектуреев |