"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жетісай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | М. Касимов |
Жетісай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 13-80-VIII шешіміне қосымша |
Жетісай аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Жетісай аудандық мәслихатының "Жетісай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 41-220-VI (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6013 болып тіркелген) шешімі;
2. Жетісай аудандық мәслихатының "Жетісай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 41-220-VI "Жетісай ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 1 қазандағы № 11-78-VII (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 24729 болып тіркелген) шешiмi;
3. Жетісай аудандық мәслихатының "Жетісай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 41- 220-VI "Жетісай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 15 наурыздағы № 18-114-VII (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 27316 болып тіркелген) шешiмі.