Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI "Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 5 мамырдағы № 15/131-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 мамырда № 27982 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 16/123-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 20.09.2024 № 16/123-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 қарашадағы № 34/367-VI "Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6281 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттары:

      әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;

      әлеуметтік қолдау ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
Д. Рыпаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады