Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 10/8-VII "Өскемен қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24586 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте кандастың жеке басын сәйкестендіру үшін кандас куәлігі ұсынылады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу әр мүгедек балаға айына алты айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тең.".
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы | А. Светаш |