Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2022 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесінің құны 0 (нөл) пайызға бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Б. Тажиев |