"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Риддер қалалық мәслихатының "Риддер қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 27 наурыздағы № 20/2-VI шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5598 болып тіркелген).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қалалық мәслихатының хатшысы | Е. Нужных |