Карантинді тоқтату және "Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округінің "Алмас" шаруа қожалығының аумағына карантин белгілеу туралы" Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 қыркүйекте № 29648 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Аягөз аудандық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 272 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округінің "Алмас" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдарының арасында қарасан ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 1 "Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округінің "Алмас" шаруа қожалығының аумағына карантин белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8489 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Н. Кабдыкешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады