Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округінің "Алмас" шаруа қожалығының аумағына карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 8489 болып тіркелді. Күші жойылды-Абай облысы Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды-Абай облысы Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округі әкімінің 12.09.2022 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз ауданы бойынша бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 176 ұсынысы негізінде, Тарлаулы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдардың арасынан қарасан ауруының шығуына байланысты Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округінің "Алмас" шаруа қожалығының аумағына карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тарлаулы ауылдық округінің әкімі Н. Кабдыкешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады