Абай облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылы мен Беген орман шаруашылығының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 маусымда № 28636 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Беген, Беген орман шаруашылығы ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Абай облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі Беген ауылының "1 Май" көшесі "Бауыржан Момышұлы" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Абай облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген орман шаруашылығы ауылының "Ленин" көшесі "Қарағайлы" көшесі болып қайта аталсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Беген ауылдық округінің әкімі Н. Асылгожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады