Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Кожохово ауылдық округі Прогресс ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Кожохово ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 10 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 желтоқсанда № 30988 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 11 маусымдағы қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Кожохово ауылдық округінің Прогресс ауылы халқының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Кожохово ауылдық округі Прогресс ауылының құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      Карл Либкнехт көшесін Шоқан Уалиханов көшесіне;

      Чапаев көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Кожохово ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кожохово ауылдық округінің әкімі Ф. Шаяхметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады