Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Жаңаөзен ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2021 жылғы 11 маусымдағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі Жаңаөзен ауылының келесі көшелері:
Заречная көшесі Зейнел Жылқайдаров көшесі;
Буровая көшесі Қали Біләлұлы көшесі;
Дорожная көшесі Береке көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжал ауылдық округінің әкімі | М. Жумаканов |