Зайсан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № 453 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 тамызда № 29056 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Зайсан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Зайсан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 250 "Зайсан ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8666 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Зайсан ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зайсан ауданының әкімі С. Зайнулдин

  Зайсан ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 2 тамыздағы
№ 453 қаулысына
қосымша

Зайсан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

   №

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

1

Зайсан қаласы, Абай көшесі, "Аймақ" сауда үйіне қарама-қарсы

45

"Аймақ" сауда үйі

азық-түлік тауарлары

5

2

Зайсан қаласы, Қ.Боқажанов көшесі, "Аубакиров" саябағына қарама-қарсы

40

"Заречный" дүкені

азық-түлік тауарлары

5

3

Зайсан қаласы, Жақсылықов көшесі, "Индира" дүкенінің оң жағында

30

"Индира" дүкені

азық-түлік тауарлары

5

4

Қарабұлақ ауылы, Омбы-Майқапшағай республикалық тас жолы, артезиан құдығының оң жағында

10

жоқ

азық-түлік тауарлары

5

5

Қарабұлақ ауылы, Малдыбаев көшесі, "Ақболат" тойханасының оң жағында

10

"Ақболат" тойханасы

азық-түлік тауарлары

5

6

Қаратал ауылы, Омаров көшесі, "Зайсан аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қаратал ауылдық клубына қарама-қарсы

15

жоқ

азық-түлік тауарлары

5

7

Біржан ауылы, Дүйсежанов көшесі, "Дүйсежанов" саябағына қарама-қарсы

10

жоқ

азық-түлік тауарлары

5

8

Шілікті ауылы, Тәуелсіздік көшесі, "Нұрдана" дүкенінің оң жағында

10

"Нұрдана" дүкені

азық-түлік тауарлары

5

9

Сарытерек ауылы, Абай көшесі, демалыс саябағына қарама-қарсы

9

жоқ

азық-түлік тауарлары

5

10

Айнабұлақ ауылы, Бариев көшесі, Айнабұлақ ауылдық мешітіне қарама-қарсы

15

жоқ

азық-түлік тауарлары

5

11

Дайыр ауылы, Бітімбаев көшесі, автобус аялдамасына қарама-қарсы

12

жоқ

азық-түлік тауарлары

5

12

Кеңсай ауылы, Тайтүгел көшесі, "Кеңсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

15

жоқ

азық-түлік тауарлары

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады