Зайсан ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 250 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 сәуірде № 8666 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № 453 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 02.08.2022 № 453 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Зайсан ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшермесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-желісінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Нуртазинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зайсан ауданының әкімі С. Зайнулдин

  Зайсан ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 16 сәуірдегі
№ 250 қаулысына қосымша

Зайсан ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар

      1. Зайсан қаласы, Кондюрин мен Спамбетов көшелерінің қиылысындағы "Нұр" сауда үйіне қарама-қарсы ашық алаң; 2. Зайсан қаласы, "Сауыр" мөлтек ауданы Жақсылыков пен Момышұлы көшелерінің қиылысындағы "Индира" сауда дүкенінің жаны;

      3. Зайсан қаласы, Боқажанов көшесі №75В, "Зайсан ауданының кәсіперлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының сол жағындағы ашық алаң;

      4. Қарабұлақ ауылы, Омбы-Майқапшағай республикалық маңызы бар тас жол бойындағы ауылдан 1200 метр арақашықтықта артезиан құдығының жаны;

      5. Қарабұлақ ауылы, Малдыбаев көшесі №11, "Ақболат" тойханасының оң жағы;

      6. Қаратал ауылы, Омаров көшесі №110/1, Мәдениет үйінің алдындағы алаң;

      7. Біржан ауылы, Дүйсежанов көшесі, "Дүйсежанов" атындағы саябағының алды;

      8. Шілікті ауылы, Тәуелсіздік көшесі бойындағы "Нұрдана" дүкені мен "Айым" шаштаразы арасындағы алаң;

      9. Сарытерек ауылы, Абай көшесі №60А, демалыс саябағының сыртындағы алаң;

      10. Айнабұлақ ауылы, Бариев көшесі, мешітке қарама-қарсы алаң;

      11. Дайыр ауылы, Бітімбаев пен Аманжанов көшелерінің қиылысындағы автобус аялдамасына қарама-қарсы алаң;

      12. Кеңсай ауылы, Тайтүгел мен Нұғыманұлы көшелерінің қиылысындағы ауыл әкімшілігі ғимаратының оң жағындағы алаң.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады