Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылындағы "Жетіген" көшесінің атауын "Сейтқазы Тантыбаев" көшесі болып қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 ақпандағы № 26783 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2021 жылдың 11 маусымындағы қорытындысы негізінде және Қарабұлақ ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылындағы "Жетіген" көшесінің атауы "Сейтқазы Тантыбаев" көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Қарабұлақ ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі А. Итжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады