Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің 26.05.2022 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 39 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Біржан ауылдық округі Қуаныш ауылының аумағында ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Біржан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Біржан ауылдық округінің әкімі | С. Хамитов |