Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 08.12.2022 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 23 маусымдағы № 321 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі Сарытерек ауылының Абай, Жәнібек, Бұланбай палуан, Кендірлік көшелерінің аумағында ұсақ малдарының бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарытерек аулыдық округінің әкімі | Н. Сакенов |