Алтай ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 22/3-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қыркүйекте № 29872 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 510-бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 505,506-баптарында белгіленген Алтай ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде келесі жерге:

      1) Алтай қаласы (үй жанындағы жер телімдерін қоспағанда), жер салығының базалық мөлшерлемесі:

      I, II, V, VI аймақтар бойынша - 50% - ға жоғарылатылсын;

      III, IV аймақтар бойынша - 40% - ға жоғарылатылсын;

      2) Серебрянск қаласы (үй жанындағы жер телімдерін қоспағанда), жер салығының базалық мөлшерлемесі:

      I, II, III, IV, V аймақтар бойынша - 50% - ға жоғарылатылсын;

      3) Алтай ауданының ауылдық елді мекендері (үй жанындағы жер телімдерін қоспағанда), жер салығының базалық мөлшерлемесі:

      I, II, III, IV, V аймақтар бойынша - 50% - ға жоғарылатылсын;

      VI аймақ бойынша - 40% - ға жоғарылатылсын;

      VII аймақ бойынша:

      Дородница, Бородино ауылдары - 50% - ға жоғарылатылсын;

      Заводинка, Северное, Васильевка, Богатырево, Чиркаин, Александровка ауылдары (Средигорный ауылдық округі) - 40% - ға жоғарылатылсын;

      Баяновск, Андреевка, Пролетарка, Орловка, Крестовка ауылдары - 30% жоғарылатылсын;

      VIII аймақ бойынша:

      Ермаковка, Алтайка ауылдары - 50% жоғарылатылсын;

      Бұқтырма бекеті, Селезневка, Быков, Кутиха ауылдары - 40% жоғарылатылсын;

      Сажаевка ауылы - 30% жоғарылатылсын;

      IX аймақ бойынша:

      Березовка ауылы - 50% жоғарылатылсын;

      Александровка, Кремнюха ауылдары - 40% жоғарылатылсын;

      4) Алтай ауданының елді мекендерінен тыс орналасқан өнеркәсіптер, жер салығының базалық мөлшерлемесі:

      I аймақ бойынша - 50% - ға жоғарылатылсын;

      II аймақ бойынша - 40% - ға жоғарылатылсын;

      III аймақ бойынша - 30% - ға жоғарылатылсын;

      2. Осы шешім 2023 жылдың 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының мәслихат хатшысы Л. Гречушникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады